Дәрігерлік-медициналық заттар,құралдар,аппараттар.

· ДИ-4-ИМПУЛЬСТІ ДЕФИБРИЛЛЯТОР

· ДП-9.2-ӨКПЕНІ ҚОЛДАН АУА АЛМАСТЫРУ АППАРАТЫ

· ДП-10.02

· ФАЗА-2-ЭЛЕКТРЛІ,АУЫСТЫРЫМДЫ

· «ЛАДА-МГ» ПНЕВМОЭЛЕМЕНТТЕРДЕ

· КИ-4-НАРКОН-2-ОТТЕКТІ ИНГАЛЯТОР

· КИС-2-ОТТЕКТІ ИНГАЛЯЦИЯЛЫҚ АППАРАТ

· БФ-3-ЭЛЕКТРЛІК ЖОЛДЫ ҚҰРАМА БОРМАШИНА

· Қозғалмалы стоматологиялық орындық

· Бір жүйелі электрлі кардиоградо

· Апаттық қосылымы бар қозғалмалы көлеңкесіз шам

· СОПУ-жиналу жәшігіндегі далалық операциялық үстел

· СППУ- жиналу жәшігіндегі далалық таңу-байлау үстелі

· Санитарлық зембіл

· Ор зембілі

· НИВ-ауасыз қалыптастырғыш зембіл

· Қызыл Крест Жалауы

· Қан алмастырғыштар

· ТКМ-14-Қан мен қан алмастырғыштарды тасуға арналған жылуды оқшаулау контейнері

· Қан құюға арналған жүйелер

· Залалсыздандыру құралдары

· Медициналық газдар: -баллондағы азот зокисі

-40 л баллондағы О2

- 2л баллондағы О2

Жасақтау кезіндегі және ұрыстың әр түрлі кезеңдерінде бөлімдер мен құрамаларды медициналық мүлікпен қамтамасыз ету бойынша өткізілетін шаралар

Бөлімдер мен құрамаларды медициналық мүлікпен қамтамасыз ету реті оперативтік,тылдық және медициналық ахуалға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Жасақталу кезінде құрама немесе бөлім өзіне штаттар мен штаттарға табельдік тиесілі медициналық мүлікті мобилизациялық нарядті көрсетіп алады.Бұл медициналық мүлік жасақтаушыда (бөлімнің,құраманың медициналық қызметі, медициналық қойма,дело) болады.

Құрамалы медициналық мүлікпен және медициналық техникамен қамтамасыз ету болашақта өтініш, ҚР ҚК тылының соғыс кезіндегі шұғыл ақпаратттар табеліне байланысты беріледі.

Тақырып №6

Дивизияның (бригаданың) медициналық қызметінің медициналық қамтамасыз ету бойынша негігі міндеті болып, Ж медБ ды,Бр Мпн,батальондарды,роталарды медициналық мүлікпен дер кезінде,толық және үздіксіз қамтамасыз ету болып табылады.



Медициналық жабдықтауды ұйымдастыру жауапкершілігі дивизияның (бригаданың) медициналық қызметі бастығының құзырында,ол дивизиядағы медициналық жабдықтаудың тікелей іс жүзіндегі шараларды медициналық жабдықтау бөлімшесінің бастығы орындайды,бригадада-БрМП дәріханасы бастығы.

Медициналық жабдықтаудың негізгі сұрақтары дивизияның (бригаданың) медициналық қамтамасыз ету жоспарында айқындалады.

Ұрыс арасы кезінде құрама (бөлім) көбіне жалпы тағайындалған медициналық мүлікпен өтініш,наряд бойынша айына бір рет жоспарлы түрде қамтамамсыз етіледі.Өтініштер белгіленген мерзімде дивизияның медицина қызметі бастығына жіберіледі.Мүлікті жөндеу ұйымдастырылады, оның есепке алынуы ретке келтіріледі,дәрілер,сөмкелер,жинақтардың бос орындары толтырылады.

Ұрыс қимылдарына дайындық кезінде алдағы ұрысқа арнайы тағайындалған медициналық мүліктің қажеттілігі нақтыланады,мұнда негізгі болжаулы санитарлық шығын мөлшері алынады, бұдан басқа медициналық мүліктің қоры жасалынады.

Есепке алу керек,арнайы тағайындалған медициналық мүліктің әскери қорларының есептелуі:

· Мотоатқыштар бригадасында-750 жаралылар мен науқастарға

· Танктік бригадада -600 жаралылар мен науқастарға

· Дивизияның Ж мед Бда -1500 Ж мен Н

· 1000 Ж мен Н бөлімдердегі қорлар орнын тотыру үшін

Өткен ұрыс кезінде жоғалған,арнайы тағайындалған қажетті медициналық мүлікке және де жабдықтың кейбір заттарына өтініш беріледі.

Сонымен арнайы медициналық мүлікке тағайындалған қорларды қалыпта ұстау үшін нақты қажеттілік бойынша сұралады және олардың барлығы және қажеттілігі ақпарат немесе медицина қызметінің бастығының нұсқауы бойынша жіберіледі.



Ұрыс қимылдары кезінде және де жаппай санитарлық шығын ошақтарын қалпына келтіру кезінде бөлімдер арнайы медициналық мүлікпен нақты қажеттілік бойынша қамтамасыз етіледі. Мүліктер бөлімдердің ақпараты мен өтініші бойынша немесе дивизияның медициналық қызметі бастығының бұйрығы бойынша жіберіледі. Медициналық мүліктің пайда болған ұрыс шығыны өз кезегінде бөлімнің қамтамамсыз етілуін шұғыл төмендетсе, медицина қызметінің тікелей бастығына кезектен тыс ақпарат беріледі.

Медициналық мүлікті жеткізу былай іс жүзіне асырылады:

· Дивизияда-Армиянының медициналық қамтамасыз ету бригаданың медициналық қоймасынан Ж мед Бның медициналық қоймасына армия көлігімен

· Дивизия бөлімдеріне –Жмед Бның дәріханасы және медициналық мүлік қоймасынан Бр МПдәріханасына –дивизия көлігімен

· Батальондарға-БрМПнің дәріханасына батальонның МПне –бригада көлігімен

Мед.мүлікті жеткізу үшін санитарлық көліктің кері жүрістерінің қолданылуы мүмкін.

Қолданылуы:

Қазіргі соғыс жағдайларында жаппай қыру құралдарын қолдану мүмкіндігі бар кезінде медициналық мүлікті білу,ұрыс кезінде олардың қажеттілігін және жабдықтау ретін анықтау одан да жоғарылайды.Бұл ең алдымен жаппай санитарлықшығындардың пайда болуға ықтималдығымен, олардың құрылысының

күрделігіне ,зақымдалу ауырлығының артуына байланысты.

19.11.2009 ж


8260924870123938.html
8260959582301564.html
    PR.RU™